14 Қазан, 2021 563

Пәтерге қалай ақша жинауға болады?

Белгілі сарапшы Атырау жастарына шеберлік сабағын өткізді.


Атырауда қазақстандық экономист, танымал блогер Дәулет Төлеутайұлы жастарға ақшаны өз баспанасына қалай жинақтау керектігі туралы "Баспанаға бағыт" атты тегін шеберлік сабағын өткізді, - деп хабарлайды ATPress.kz.

- Бізде әлі күнге дейін мемлекеттен тегін баспана алуға болады деп қате ойлайтын адамдар бар. Мемлекет жалға берілетін тұрғын үйді ғана ұсынады, оған тек әлеуметтік осал қазақстандықтар мен жеке тұрғын үйі жоқ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері ғана үміткер бола алады. Қолма – қол ақшасы жоқ адамдарға тұрғын үй алудың бірден - бір жылдам тәсілі-бастапқы жарнаны жинақтау және ипотека алу, - деді Дәулет Төлеутайұлы.

Екі сағаттық тренинг барысында спикер ипотекалық мемлекеттік бағдарламалар, сатып алушыға тиімді мөлшерлемелер және ипотекалық кредитті онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін инновациялық банктік сервис болып табылатын цифрлық ипотека туралы айтып берді. Сервис әзірге тек Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларында ғана қолжетімді. Сарапшы атап өткендей, жыл соңына дейін ол Қазақстанның басқа өңірлерінде, соның ішінде Атырауда да іске қосылады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтаннан келген қонақ халықтың қаржылық сауаттылығы туралы өзекті тақырыпты қозғады.

- Өкінішке орай, мен өз тәжірибемде пәтерге 3 жыл ақша жинау ұзақ және ауыр деп санайтын көптеген адамдарды кездестіремін. Екінші жағынан, сол адамдар 10-15 жылдан бері пәтер жалдап келеді және мұны мақтанышпен айтады. Бұл қаржылық сауатсыздық. Егер адамның мақсаты мен қалаған тұрғын үйді сатып алғысы келсе, әрекет ету керек. Егер жалақы аз болса, бизнеспен айналысу керек, екі немесе одан да көп жұмыс істеп, бос отырмау керек, - деп есептейді спикер.

Іс-шара Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда