17 Қыркүйек, 2021 524

АУЫР ҚЫЛМЫСТЫ ҚАСАҚАНА ЖАСАЙТЫН КІМДЕР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Атырау облысы Полиция департаменті ұжымымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 200-бабы шеңберінде аталған департаменттің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясы


Іс-шара барысында күдікті ретінде лауазымды тұлғаларға қатысты барлық мән-жайлар қаралды. Олар лауазымды тұлғалар бола тұра, жеке тұлғалардың заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті болса да, алдын ала сөзбайласу арқылы адамдар тобы болып, жеке тұлға көмек сұрап іздеп келгеніне қарамай, оны зорлағаны және ұрлағаны бойынша қандай болса да шара қолданбай, жұмыстарын жеңілдетіп, соңғысын алдап, азғыртып, өзге де құқыққа сыйымсыз әрекеттер арқылы қылмысты СДТТБТ тіркеуге міндетті болғанымен, ауыр санаттағы қылмысты тіркеуден қасақана жасырғаны үшін күдіктелуде. Атап айтқанда ҚР ҚК-нің 370 бабы (Қызметтегі әрекетсіздік) және 433 бабы (Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) бойынша тергеп-тексерілді.

Күдікті ретінде берген жауабында құқық бұзушылық әрекетін толық мойындаған.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілермен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстары мемлекеттік билікке деген жағымсыз имидж қалыптастырып,  азаматтардың сенімін төмендететіндігін ескере келе, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынуларды ұжымда талқылаудың маңыздылығы айтылды.

Полиция департаментінің лауазымды тұлғалары тарапынан орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнама талаптарын түсіндіру жұмысының әлсіздігіне, алдын алу жұмыстарының формальды түрде өтуі себеп болған.

Сондай-ақ жиында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігі туралы заңнама нормалары түсіндірілді.

Осы ретте күдіктінің тікелей басшысына қарамағындағы қызметшісінің моральдық-материалдық хал-ахуалынан хабарсыз болуынан, құқықбұзушылықтың орын алуының алдын алмағаны үшін атқарып отырған лауазымынан босатуды, ұжым арасында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда