17 Қыркүйек, 2021 518

Атырауға 100-ден астам медицина маманы келеді

«Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында өткен онлайн брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.


«Медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының 106 түлегінің Атырау өңіріне келуі жоспарланған. Жыл басынан бері 34 түлек (26 интерн, 5 резидент, 3 бакалавр) өңірге келіп, мамандықтарына сәйкес медицина ұйымдарына жұмысқа орналасты. Олардың 12-сі ауылдық жерлерде қызмет етуде» деп нақтылады спикер Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, облыстағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда 1447 дәрігер, 5093 орта мед персонал қызмет көрсетуде.

Қазіргі уақытта салаға 219 дәрігер маман жетіспейді. Соның ішінде, жалпы практика дәрігері, анестизиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог мамандарға сұраныс жоғары.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда