16 Қыркүйек, 2021 401

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы вакцина алу мәселесіне пікір білдірді

«Атырау облысына жұмыс сапары аясында жергілікті журналистермен кездескен Қазақстан мұсылмандары діни басқарма төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирусқа қарсы вакцина алу – денсаулықты сақтау үшін керек қадам екендігін айтты» деп хабарлайды Атырау об


«Өз басым екпе салдырып, екі компонентін де алдым. Қауіпсіздік мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері түгелге жуық вакцина алды. Екпе алу имамдарымыз, мешіт қызметкерлері арасында да жалғасуда.

Медицина мәселесінде мамандардың пікіріне сүйенген жөн. Дәрігерлер екпе - денсаулық үшін керек екендігін айтуда. Қасиетті Құранда «Өз қолдарыңмен өз денсаулықтарыңа қиянат жасамаңдар» деген. Біз осы аятқа сүйенеміз. Елдің амандығы біз үшін өте маңызды. Демек, екпені сақтық мақсатында алуымыз қажет» деп нақтылады Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске сала кетелік, 1 ақпан – 15 қыркүйек аралығында Атырауда коронавирусқа қарсы вакцинаның ІІ компонентімен 164 600 тұрғын егілді. Вакцинаның І компонентін 214 398 адам алды.

16 қыркүйек күнгі ресми мәлімет бойынша, ел бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентімен 7194860, ІІ компонентімен 6019027 қазақстандық егілді.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда