15 Қыркүйек, 2021 427

Қызылқоға ауданының бірқатар ауылдарында жол салынып жатыр

«Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында Қызылқоға ауданында 10 жобаның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.


Бұл туралы онлайн брифингте Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, Жангелдин, Жасқайрат және Қоныстану ауылдарындағы кірме жолды жарықтандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

- Миялы ауылындағы спорт кешеніне күрделі жөндеу жүргізілуде. Орталық стадионды қайта жаңарту құрылысы осы жылдың маусым айында басталды. Жоспар бойынша жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы қажет.

Маусым айында басталған Сағыз ауылындағы спорт кешенінің құрылысы 2022 жылы аяқталатын болады.

Миялы (11,07 км) және Сағыз (8,2 км) ауылдарынан барлығы 19,27 км ауылішілік жол құрылысы басталды.

Сонымен бірге, Сағыз ауылында   11 көшені жарықтандыру  басталды, - деп атап өтті спикер.

Бүгінгі таңда Миялы ауылындағы электр желісін күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда