23 Шілде, 2021 280

COVID-19: "Лас" аймақта қанша дәрігер бар?

Атырау облысының "лас" аймақтарында 375 дәрігер еңбек етуде, деп хабарлайды ATPress.kz


Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тағы 275 медицина қызметкері пандемия өршіп кеткен жағдайда резервте тұр.

Соңғы ресми деректер бойынша Атырау облысында 6 575 медицина қызметкері бар. Оның ішінде 1 479 - дәрігерлер, 5 096-орта және кіші буын медицина қызметкері.

- Бүгінгі таңда "Қызыл" аймақтардағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 375 дәрігер жұмыс істейді. Жоғары, орта және кіші буын тағы 275 қызметкер аурушаңдық өскен жағдайда резервте тұр, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциядан 186 адам емделді, 67 науқас ауыр халде жатыр, оның 11-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда