22 Шілде, 2021 360

"Қызыл" аймақ: Covid-19 жұқтырған 386 адам анықталды

Атырау облысы бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 386 адамға жетті, деп хабарлайды ATPress.kz


Қауіпті инфекцияның таралу ошағы әлі де Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 233 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 34, Индер ауданында - 24, Исатай ауданында - 6, Қызылқоға ауданында - 17, Құрманғазы ауданында - 15, Мақат ауданында - 5, Махамбет ауданында - 16 адам анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 170 адам емделді.

Қазір 2 542 адам үй жағдайында, 188 адам модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада - 207, фтизиопульманологиялық орталықта - 99, кардиоорталықта - 102, т/ж ауруханасында - 109, аудандық инфекциялық стационарларда - 304. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 161 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда