01 Шілде, 2021 4138

«Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол»


Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ақшалай ұтыс ойнатылады!     

Жүлде қоры - 40 миллион теңге, оның ішінде,басты жүлде - 10 миллион теңге!

Биылғы жылдың 30-шы маусымынан бастап 200 мың теңгелік 10 сертификат әр он күн сайын 30-шы қыркүйекке  дейін вакцина алғандар арасында ойнатылады.

Тамыз айында 30-шы маусым мен 31 шілде  аралығында вакцина алғандар үшін 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ұтысқа түседі!

Ал, 1-31 тамыз аралығында екпе алғандар үшін қыркүйекте  тағы 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ойнатылады. 

Қазан айында өтетін 10 миллион  теңгені құрайтын басты ұтысқа Атырау облысында 1-ші ақпаннан бастап 30-шы қыркүйекке дейін вакцинаның бірінші немесе екінші компонентін алған тұрғындар қатыса алады. 

Жеңімпаздар Атырау облысының «Азаматтық Альянс» ҮЕҰ-ның әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы анықталады. 

Атырауда екпе алғандар арасында ұйымдастырылып отырған ақшалай ұтыс ойыны Атырау облысының «Азаматтық Альянс» ҮЕҰ ұйымдастыруымен және демеушілердің қолдауымен өткелі отыр.

Өткізіліп жатқан акцияның ашықтығы үшін ҮЕҰ, белгілі блогерлер, қоғам белсенділері тартылатын болады.



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда