28 Сәуір, 2021 4479

"Мұнайшы" орталық бассейні күрделі жөндеуден өтуде/ВИДЕО


“Мұнайшы" жүзу бассейні кешеннің жәй-күйі бойынша халықтан түрлі арыз-шағымдар келіп түскен болатын. Сенімгерлікке алған ұйым Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұсынысымен жүзу бассейнін толықтай күрделі жөндеуден өткізуде. 

"Мұнайшы" бассейінін жаңарту жұмыстарын мамыр айының басында аяқтау жоспарланып отыр. Дәл осы жолмен шығындарды оңтайландыру жұмыстары келешекте жүйелі жалғасын табатын болады.

Айта кету керек, қазіргі таңда кешенде 609 бала спорттық секцияларда тегін шұғылданады. Онда жүзу, су добы, триатлон, суға секіру секілді спорт түрлері бар.



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда