23 Сәуір, 2021 299

“Атырау” футзал командасы Қазақстан чемпионатының финалына шықты/ВИДЕО


Футзалдан ел чемпионатының жартылай финалдық кездесулері Алматы қаласында өткен болатын. Атыраулық команда “Ақтөбемен” ақтық сынға жолдамаға таласты.

Негізі ойындар 2:2 болып тең аяқталды. Бүгін шешуші ойында жерлестеріміз 3:8 есебімен басым түсіп, облыс футзалы тарихындағы айтулы жеңісті сыйлады.

Финалдағы алматылық “Қайрат” командасымен болатын есепке қарамастан командамыз чемпиондар лигасында ойнайтын болады.



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда