16 Сәуір, 2021 5152

Атыраулық жасөспірімдердің желіде тараған құқықбұзушылық оқиғасына байланысты іс қозғалды(ВИДЕО)

​"Әлеуметтік желілерде Атырау қаласы білім беру ұйымдарының кәмелеттік жасқа толмаған 5 жасөспірімі топтасып төбелесіп, 8 - сынып оқушысын ұрған бейне видео тарады",- деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.


Аталған бейнежазбаны полиция қызметкерлері тексерді. Жағдайды  жәбірленуші тараптың анасына хабарлаған.

Оқиға 12 сәуір күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласы Владимирский көшесінің бойында орналасқан интернат-мектебі ғимаратының артында орын алған.

Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысқан 5 жасөспірім, оның ішінде 4 мектеп оқушысы мен 1 колледж студентінің үстінен ҚР ҚК-нің 293 бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бөлек, жауапқа тартылған жасөспірімдер оқитын білім беру ұйымдары басшыларынан түсініктеме алынды.

Ал жәбірленушіге психологтің көмегі көрсетіліп жатыр.




Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда