24 Ақпан, 2021 245

Тәуелсіздік мерейтойында да сақтық шаралары қатаң бақылауда болады

Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы мен атаулы күндерді атап өту бойынша комиссия құрылып, індетке қарсы қабылданған сақтық талаптарын орындау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ATPress.kz


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсеткеніндей биылғы жылдың басты тақырыбы ел тəуелсіздігінің 30 жылдығы болмақ.




Облыс əкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменованың төрағалығымен өткен өңірлік комиссия кеңесінде алдағы мерекелер мен атаулы күндерді осы бағытта ұйымдастыру жөнінде ұсыныс-пікрлер талқыланды. Сондай-ақ, сақтық талаптарын орындау, індеттің қайтадан өршіп кетуіне жол бермеу күн тәртбінінен түспейтін басты қағидаттардың бірі екендігі де қайтадан ескертілді.

Жұмыстарды жоғары жауапкершілікпен ұйымдастыру туралы комиссия отырысына қатысқан Атырау қаласы мен аудан əкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктелді.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда