24 Ақпан, 2021 332

Атырауда Бас мүфти мен облыс әкімі жаңа мешіттің іргетасын қалады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен 500 орындық Қайтпай Сұлтан мешітінің іргетасын қалады, деп хабарлайды ATPress.kz


- Халқымызда «Азаны бар ауыл азбайды», – деген нақыл бар. Мешіт – барша жақсылықтың тоғысқан құтты мекені. Бұл құлшылықтың ғана ордасы болып қалмай, рухани һәм мәдени-ағарту, бірлік пен берекенің ошағына айналады деген сенімдемін, - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Атырау қаласы маңындағы Еркінқала селолық округінен бой көтеретін Қайтпай Сұлтан мешіті жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша салынбақ.Құрылысы бір жылда аяқталатын мешіт қазақы нақышта салынады деп күтілуде.

500 орындық мешіт ішінде Құран оқу бөлмесі, ерлер және әйелдерге арналған намаз оқу залдары, дәрісханалар болады. Мешіт жанынан асхана, имам үйі салынбақ. Бүгінде Атырау облысында 34 мешіт жұмыс істейді.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда