24 Ақпан, 2021 488

Атырауда өрт неге көбейді?

2021 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 40 өрт тіркелді (2020 жылдың ұқсас кезеңімен – 33), былтырғы жылмен салыстырғанда 7 өртке немесе 21% өсті, деп хабарлайды ATPress.kz


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар Бержанов мәлімдеді.

Өрттің негізгі себептері:  электр құралдарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу , отты абайсыз қолдану , дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.

Өрттердің ең көбі тұрғын үй секторында тіркелді, онда 26 өрт немесе жалпы санынан 65% (2020ж. -21), ал автокөлікте 10 өрт немесе жалпы санынан 25% (2020ж. - 6) тіркелді, - деді Омар Бержанов.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда