23 Ақпан, 2021 298

COVID-19: Атырауда 28 адам инфекция жұқтырған

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «жасыл» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz


Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 2 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 22 адам болса, Құрманғазы, Индер аудандарында 2 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 3 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 40 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 95 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 70 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 16 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 221 адам ем қабылдауда.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда