22 Ақпан, 2021 278

Атырауда мектеп асханалары жұмысына кірісті

Мектеп асханаларындағы тамақтану процесі санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіледі, деп хабарлайды ATPress.kz


- Атырау облысының  Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігерінің қаулысындағы өзгерістерге сәйкес, мектептегі асханалардың жұмыс жасауына рұқсат етілді. Атырау облысының білім беру ұйымдарында толық дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда, Атырау қаласында 50 – ге жуық, аудан орталығындағы барлық мектептегі асханалар  оқушыларды ыссы тамақпен қамтамасыз етуде. Кей мектептерде келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты конкурс жарияланды. Бұл мәселелер жақын арада шешімін тауып, барлық мектеп оқушылары ыссы тамақпен қаматамасыз етіледі, -деді Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

Сонымен қатар, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының директоры Орынгүл Қуандықованың мәлімдеуінше, мектепте 294 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.Оқушылар тамақтану орнына арнайы кесте бойынша кезекпен барады. Әр үстелде 2 оқушыдан отырады.Санитарлық талаптар қатаң бақылауда.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда