22 Ақпан, 2021 392

Қазақстанның қай өңірінде туу көрсеткіші жоғары екені белгілі болды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz


2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы алдын-ала деректер бойынша елімізде 425,6 мың туғандар тіркелді, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6 мың адамға немесе 5,6%-ға көп.

Көрсетілген кезеңінде қалалық жерлерде туғандар саны 248,7 мың адам немесе 58,4%, ауылдық жерлерде - 176,9 мың адам немесе 41,6% болды.

Еліміздің 6 облысында туу көрсеткіші жоғары. Олар:Түркістан (14,4%), Алматы облыстарында (12,7%), Алматы (8,3%), Шымкент (7,4%), Нұр-Сұлтан (7%) қалаларында және Жамбыл облысында (6,9%) .


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда