19 Ақпан, 2021 402

Fly Arystan: «Атырау-Түркістан-Атырау»

Атырау мен Түркістан бағытында тікелей рейс ашылды, деп хабарлайды ATPress.kz


Бұрын атыраулықтар Түркістанға пойызбен жету үшін тәуліктен астам уақыттарын жоғалтатын болса, 28 наурыздан бастап мұнайлы астана тұрғындары киелі шаһарға тез, қауіпсіз және арзан бағаға қатынауға мүмкіндік алады.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы Қазақстанның қос қаласы арасында жұма және жексенбі күндері Airbus А320 ұшағымен орындалатын тікелей рейстерді іске қосады.

«Бір бағыттағы билеттердің ең төменгі құны 9 мың теңгеден басталады, ол бір дана қол жүгін (5 кг дейін). Билеттерді FlyArystan App мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтынан алуға болады», делінген әуе компаниясы таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, FlyArystan – Қазақстан мен Еуразияның алғашқы лоукостеры. Бірінші сапары 2019 жылы мамырда орындалды. Бүгінгі таңда лоукостер флотында 7 Airbus A320 ұшақтары бар және де олар эконом классты 180 орындықпен жабдықталған.


ATPress.kz

Фото редакция архивінен


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда