22 Қаңтар, 2021 524

Атырауда ХҚО бөлімшелерінің жұмыс кестесі өзгерді

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес ХҚО және мамандандырылған ХҚО бөлімшелерінің жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды ATPress.kz


- ХҚО және мамандандырылған ХҚО бөлімшелері жаңа қаулыға сәйкес жұмыс күндері, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс атқарады.  Өңіріміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бөлімшелер сенбі және жексенбі күндері демалады. Қызмет алушылар ХҚО-ға келуін egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады, - деді "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік Корпорациясы" Атырау облыстық филиалының директоры Мұса  Хайруллиев.

Сонымен қатар, індеттің алдын алу мақсатында адам көп шоғырланатын жерге бармай, қажетті қызметтерді үйден egov mobile қосымшасы арқылы да алуға болатынын мәлімдеді.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда