Бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы: атыраулықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірде карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды ATPress.kz.


Жаңа ережеге сәйкес, демалыс күндері монша, сауна және фитнес-орталықтардың жұмысына тыйым салады. Қоғамдық көліктерде қатаң түрде тұрғындарды отырғызу орындары бойынша толтыруға және таксиде үш адамнан артық тасымалдауға болмайды. Мейрамханалар мен кафелердің де жұмыс кестесі өзгерді.
- Бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс кестесі 20.00-ге дейін қысқартылды. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қызмет атқарады. Сенбі және жексенбі күндері олардың жұмысына тыйым салынады, - деді Атырау облысы Бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырова.
ATPress.kz
Фото ашық дереккөзден алынды
Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда