22 Қаңтар, 2021 573

Ринат Ибрагимов алтыннан үмітті

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов Токио Олимпиадасында қазақстандық дзюдошылар олжалы болатынына сенімді, деп хабарлайды ATPress.kz


- Екі Олимпиада ойынына барғанда түсінгенім: бақ пен бап қатар шапқан кезде ғана жеңіске жетуге болады. Олимпиада ойындары болған соң күтпеген нәтижелер болуы мүмкін. Біздің құрамада Елдос Сметов, Ислам Бозбаев, Жансай Смағұлов, тағы басқа да мықты спортшылар бар. Биыл қалай да Олимпиада алтыны болатынына сенімдімін. Барлық спортшыға сәттілік тілеймін, - деді Ринат Ибрагимов.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы Токио Олимпиадасы  әлемдік пандемия салдарынан кейінге шегерілген еді. Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутстың мәлімдеуінше, олимпиада 2021 жылдың 23 шілдесінде басталады.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды




Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда