22 Қаңтар, 2021 222

Атырауда ескек есу базасын қайта құру жоспарлануда

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz


- Өткен жылдың күзінде жастар жағалауының ашылуына байланысты қаланың көптеген тұрғындары балаларын байдарка мен каноэ есу секциясына жазуға ниет білдірді. Осыған байланысты есу базасын қайта құру және салу туралы мәселені талқылау жоспарланған. Бұл осы спорт түрімен айналысқысы келетіндердің санын арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда базада отызға жуық адам жаттығуда, - деп хабарлады Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда