22 Қаңтар, 2021 299

Атырау облысының әкімі азаматтарды қабылдады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады, деп хабарлайды ATPress.kz


Әкімнің қабылдауына 10-нан астам тұрғын қатысты. Азаматтардың көтерген мәселелері баспанамен қамту, тұрғын үй сапасы мен медицина саласына қатысты өрбіді. Аталған мәселелерге жауапты сала басшылары баспанамен қамтудың заңдылығын түсіндірді.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов басқарма басшыларына азаматтардың өтініш-талаптарын жан-жақты қарауды тапсырды.

- Азаматтар қозғаған мәселелер шешімін тапқанша бақылауымда болады. Тұрғындардан түскен сауалдарға барынша шұғыл жауап беріп, заң шеңберінде шешу керек. Бұл –біздің басты міндетіміз, - деді Махамбет Досмұхамбетов.


ATPress.kz

Фото ОКҚ



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда