21 Қаңтар, 2021 281

Қазақстанда жүргізуші куәлігі қажет емес

Елімізде ҚР Парламенті Сенаты депутаттары жол қозғалысына байланысты заң қабылдады. Заң нормаларына сәйкес, полицейлер енді жүргізуші құжаттарын қызметтік база арқылы тексере алады, деп хабарлайды ATPress.kz


Президент қол қойғаннан кейін, көлік жүргізушілеріне куәлік  және техникалық паспортсыз жүргені үшін айыппұл салынбайды.

- Енді көлік жүргізгенде жүргізуші куәлігін және көліктің техникалық паспортын бірге алып жүру міндеті алынып тасталады. Бұл цифрландыру жұмыстарының нақты нәтижесі екені сөзсіз, - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Атап өту керек, заңның бұл нормасы тек Қазақстан азаматтарына ғана қатысты. Шетелдік нөмірлі машина иелері немесе жүргізуші куәлігін шет елде алған азаматтар өздерімен бірге құжаттарын алып жүруге міндетті.


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда