21 Қаңтар, 2021 480

COVID-19: Науқасты емдеуге қанша қаражат кетеді?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Лаззат Шоманова коронавируспен ауырған адамды емдеуге қанша қаражат кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz


- Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат кететіні аурудың қалай өтіп жатқанына байланысты. Сырқат жеңіл, орташа немесе ауыр жағдайда өтуі мүмкін. Орташа деңгейде ауырған адамға 400 мың теңге, ауыр түрі болса 800 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл сомаға барлық зертханалық және диагностикалық қызметтердің құны, сондай-ақ, науқастың ауруханада алатын емі кіреді, – деді Лаззат Шоманова.

Еске сала кетейік, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов өткен жылы коронавирус инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 187,7 млрд теңге бөлінгенін айтқан болатын.

 

ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды

 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда