20 Қаңтар, 2021 240

Атырауда "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысы қорытындыланды

Бүгін бейнебайланыс арқылы «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің 2020 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды, деп хабарлайды ATPress.kz


Бұл туралы Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлады. 

Жиын барысында республикалық жобалық кеңсе жетекшісі Төлеген Байгулов қорытындылап, алдағы міндеттерді атап өтті. 

Қорытынды мәжілісте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Төрағасы Алик Шпекбаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жобалық кеңселердің өңірлерде атқарып жатқан жұмыстарына жоғары бағасын берді.




Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен алдын алу бағытында жұмыс жасап жатқан үздік облыс әкімдерінің жұмыстары бағаланып, марапатталды.

Агенттік Төрағасының Құрмет грамотасын алғандар тізімінде облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов те бар.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын тиімді ұйымдастыруға және өңірлік әкімдіктердің сервистік моделіне толықтай көшуін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Атырау-адалдық Алаңы жобалық кеңсесінің кураторы, облыс әкімінің орынбасары мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков те Агенттік Төрағасының Алғысымен марапатталды.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда