20 Қаңтар, 2021 232

Атыраудағы орталық көпірді зерделеу басталды

Атырау қаласында орталық көпірдің жөнделуінің қажеттілігін анықтау үшін зерделеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ATPress kz.


Бұл көпір 1964 жылы пайдалануға берілді. 1999 жылы Атырауда өткізілген Қазақ мұнайының 100 жылдық салтанаты қарсаңында орталық көпір күрделі жөндеуден өткізіліп,  қыркүйек айында салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын. Жөнделген көпірдің лентасын Елбасы Нұсрұлтан Назарбаев пен белгілі саясаткер, Ресейдің премьер-министрі болған марқұм Виктор Черномырдин қиған еді.

Негізі  Атырауда 6 көпір қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр. Қазір "Арнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орталык көпірдің геологиясын бағалау одан кейін жөндеуге қажетті жобаны әзірлеу үшін тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Иинженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарының нәтижесімен көпірге жөндеу өткізу қаншалықты қажет және қандай көлемде жасалатынын соны анықтайтын боламыз. Жұмыс көлемін, шығындарды мамандар белгілеп, жобалық сметалық құжат жасақталады.

Бүгінде орталық көпірдің тірек бағандарын су астынан зерделеу жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, қыста су астынан зерделеудің де өзіндік ерекшелігі бар екен: осы мезгілде өзен суы тұнық болатын көрінеді.

Зерделеу жұмыстары аяқталған соң, орталық көпірді жөндеу қаншалықты қажет екендігі, қандай дәрежеде жөндеу керектігі де нақтыланады.

ATPress kz.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда