20 Қаңтар, 2021 223

Атырауда білім нысандары жаңарды

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Атырау қаласындағы білім нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ATPress.kz


«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде Атырау қаласындағы 8 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.   Жөндеуге 2  016 475 000 (екі миллиард он алты миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге) қаржы бөлінді. Атап айтар болсақ, 2 балабақша, 4 орта мектебі және оқушылар орталығының 2 ғимаратында жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда 2021-2025 жылға арнайы бағдарлама дайындалу  үстінде.  Бұл бағытта жүйелі жұмыстар биыл да жалғасын табады, - деді Атырау қалалық білім бөлімі басшысының  орынбасары Қайрат Қуанышев.


ATPress.kz


Фото ашық дереккөзден алынды



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда