27 Қараша, 2020 334

Атырауда 13 мыңнан астам бұралқы ит пен мысық ауланды

Бұралқы иттер мен мысықтарды аулап жоюға жергілікті бюджеттен 40 млн 515 мың теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды ATPress.kz


Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдегендей, осы жылы 13 279 бұралқы ит пен мысық ауланды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 40 миллион 515 мың теңге қаржы бөлінген.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен құрылған 8 ветеринариялық станса және 68 ветеринариялық пункт жұмыс жасайды. Облыс аумағында жеке ғимаратпен қамтамасыз етілген 3 ветеринариялық станса және 1 ветеринариялық пункт бар.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда