27 Қараша, 2020 252

Махамбет ауданында 60 пәтерлік үй пайдалануға берілді

Қоныс тойын тойлаған тұрғындар арасында көпбалалы отбасылар да бар, деп хабарлайды ATPress.kz



Аудан орталығындағы 60 пәтерлік үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынды. Соның жалғасы ретінде Жалғансай, Махамбет ауылдарындағы үй кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға, осал топ санатындағылар да қоныс тойын тойлады. Ал сарайшықтық көпбалалы алты отбасы бір уақытта пәтер кілтін алды.

Баспаналы болғандар арасында төрт баланың анасы Жансая Шакимова да бар.

- Өте қуаныштымын. Бағдарлама аясында үйлі болып жатқандарды құттықтаймын. Аудан басшыларына, ауыл әкімі аппараты қызметкерлеріне көп рахмет. Үйдің іші жылы, балаларым үшін қуаныштымын, - дейді көпбалалы ана.


ATPress.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда