27 Қараша, 2020 188

Жерлестеріміз олжалы оралды

Алматы қаласында пара нысана көздеу спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды ATPress.kz


Дүбірлі додада бақтарын сынаған ауданымыздың спортшылары Биғайша Махаева І орынды қанжығасына байласа, Фариза Үсенова ІІІ орыннан көрінді. Үздік өнер көрсеткен мерген жерлесіміз Биғайша нысана көздеуде жоғары ұпай жинап, өзге аймақтардан келген мықты қарсыластарын жолда қалдырды.

- Мен өз нәтижеме өте қуаныштымын. Бұл жарысқа тыңғылықты дайындықпен келдім. Соның арқасында үздіктер қатарынан көрініп, алтыннан алқа тақтым,  дейді жеңімпаз.

Жалпы, Биғайшаның спорттың бұл түрінен ұйымдастырылған турнирлерінен олжасыз оралған кезі болған емес.

Ал, бұл жолы ІІІ орынды қанағат тұтқан Фаризаға алдағы жарыстарда жеңістің тұғырынан көрініп, жеңімпаз болуды тілейміз.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда