27 Қараша, 2020 308

COVID-19: Атырауда 10 адам емделіп шыққан

Өткен тәулікте 563 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан, деп хабарлайды ATPress.kz


Атырау облысы бойынша бұл көрсеткіш – 10 адам.

Жазылғандардың көбі Шығыс Қазақстан (198) және Солтүстік Қазақстан (156) облыстарында. Одан кейінгі орында БҚО (54) және Маңғыстау облысы (48). Қостанайда – 37, Қарағанды облысында – 22, Павлодарда – 15, Ақмолада – 12, Алматы облысында – 8. Қызылордада 2, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп шыққан.

Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 115 384.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстан бойынша 813 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған.

Атырау облысы бойынша 12 жаңа дерек тіркелген

Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (170), Солтүстік Қазақстан (117) және Павлодар (107) облыстарында. Ақмолада – 76, Қостанайда – 75 жаңа жағдай тіркелген. Одан кейінгі орында Алматы (74) және Нұр-Сұлтан (71) қалалары. Батыс Қазақстан облысында – 41, Алматы облысында – 21, Қарағандыда – 21, Жамбылда – 16. Ақтөбеде бұл көрсеткіш – 5 адам, Шымкент қаласында – 4.  Түркістанда – 3  адамнан COVID-19 анықталған.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 129 213адам.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда