ОГОРОДНАЯ 1 МЕКЕН-ЖАЙЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АСТЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ТАЗАЛАНАДЫ
Бүгін әлеуметтік желіге шыққан Огородная 1 үйінің жертөлесіне кезекті рет тазарту жұмыстары жүргізіліп, дератизациялық және дезинфекциялық жұмыстар жасалды.



Қ. Тоқаев: эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстау керек

Атырау облысында ер адамның мүрдесі табылды (ВИДЕО)

Атыраудағы жолдар қардан тазаланды
Атырау қаласы Огородная 1 мекен-жайындағы тұрғын үйлердің мәселесі біраз жылдан бері бар. Аталған үй 1991 жылы пайдалануға берiлген. Ондағы 18 пәтер тұрғындарының басты мәселесі – ескірген кәріз жүйелерінің бітелуі салдарынан жертөленің екі-үш айда сайын лас суға толуы болып отыр.
Биыл Атырау қалалық әкімдігімен ескі тұрғын үй қорындағы кәріз сулары мәселелерін шешу мақсатында ауқымды жұмыс жүргізген. Тіпті кейбір проблемаларды реттеу үшін демеушілер тартқан. Соның арқасында Авангард 2 ықшам ауданындағы №2, 3, 8, 16 үйлердің жылдар бойы келе жатқан мәселесі түбегейлі шешіліп, жертөлелері судан толық тазартылған.
Ал әлеуметтік желіге таратылған Атырау қаласы Огородная 1 мекен-жайындағы тұрғын үйдің жертөлесі де демеушілер көмегімен тазартылып келеді. Сондай-ақ тұрғын үй инспекциясы тарапынан пәтер иелерінің дербес жауапкершілігіне тұрақты түрде ескертіліп келеді. Өйткені, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 2-бабының 14-тармағында және 32 бабында кондоминиум объектісінің мүлкі – жертөлелер халықтың ортақ жауапкершілігінде екендігі нақты көрсетілген, яғни тұрғындар қаржысына жөнделуі тиіс.
Қалалық ТКШ бөлiмi Авангард мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің кәрiз желiлерiндегi ақаулыктарды түзетiп, аяқтаған соң Огородная көшесі бойындағы жертөлелерді кешенді тазару, қалыпқа келтіру жұмыстарын қолға алуы тиіс болатын.
Қалалық әкімдік бұл проблеманы түбегейлі шешуді қарастырып жатыр.
Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда