Атырау университетінде орыс тілі орталығы ашылды
Орталықтың ашылуына Орал қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының вице-консулы Владимир Волков қатысты, деп хабарлайды ATPress.kz



Атырауда ХҚО бөлімшелерінің жұмыс кестесі өзгерді

Бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы: атыраулықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр

Ринат Ибрагимов алтыннан үмітті
25 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында «Орыс тілі, әдебиеті және мәдениеті» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу лентасын кесу құрметі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректор міндетін атқарушы Саламат Идирисов және Орал қаласындағы Ресей Федерациясы бас консулдығының вице-консулы Владимир Волковқа берілді.
Орталықтың басты мақсаты - жоғары оқу орындарының студенттері үшін орыс тілі мен әдебиетін насихаттау, орыс мәдениетімен танысу, әртүрлі елдердің мәдени мұраларын дамытуға көңіл бөлу, оқытушыларға, студенттер мен магистранттарға ғылыми зерттеулерде әдістемелік көмек көрсету.
Алдағы уақытта орыс тілі, әдебиеті мен мәдениеті орталығында конференциялар мен семинарлар, дөңгелек үстелдер мен пікірталастар, тақырыптық кештер, оқырмандар конференциялары, презентациялар өтеді деп жоспарлануда.
ATPress.kz
Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда