26 Қараша, 2020 297

COVID-19: Балалар арасында коронавирус індеті анықталған жоқ

№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында пандемия кезінде коронавирус індеті анықталған жоқ, деп хабарлайды ATPress.kz


Бұл жөнінде еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлнар Меңдігариева Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

- №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жобалық қуаттылығы – 150 орын (100-стационар, 50-күндізгі бөлімше). Қазіргі уақытта стационар жағдайында 40 қызмет алушы бар. Олардың ішінде 12 бала ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған. Орталықта балалар арасында пандемия кезінде коронавирус індеті анықталған жоқ.Қызмет алушылардың туған-туыстарымен  үнемі байланыста болу, әлеуметтік желілермен қолдану, жаһандық  жаңалықтармен танысу үшін ғимараттың бірінші қабатында WI-FI зонасы жабдықталған, - деді Гүлнар Меңдігариева.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда