26 Қараша, 2020 289

Исатай ауданы мектептері 15 жас маманмен толықтырылды

Алайда, аудан мектептеріне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандары жетіспейді, деп хабарлайды ATPress.kz


Бұл жөнінде Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

- Аудан педагогтары 15 жас маманмен толықтырылды. Орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, дефектолог, логопед, концертмейстер, хореограф мамандары әлі де жоғары қажеттілікке ие болып отыр, - дейді Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева.

Айта кетейік, ауданда 786 мұғалім,мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 205 тәрбиеші, қосымша білім беру ұйымдарында  67,түзеу кабинетінде 12 мұғалім қызмет атқаруда.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #Исатай ауданы #мұғалімдер