Қашағанда өндірілген мұнай көлемі 50 млн тоннаға жетті
Бұл туралы Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz



Қ. Тоқаев: эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстау керек

Атырау облысында ер адамның мүрдесі табылды (ВИДЕО)

Атыраудағы жолдар қардан тазаланды
Солтүстік Каспий жобасы Қазақстан Республикасындағы теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша алғашқы ірі жоба.
Қашаған алып кен орны соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі екені белгілі. Кен орнында өндірілетін қор көлемі шамамен 9-13 млрд баррель (1-2 млрд тонна) мұнайды құрайды. Қашаған кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 км қашықтықта, Каспий теңізінің түбінде (3-4 метр тереңдікте) және теңіз түбінен 4 км-ден астам (4 200 метр) тереңдікте жатыр.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2016-жылы Қашаған кен орыны қайта іске қосылғаннан бері өндірілген және экспортталған мұнай көлемі 50 000 000 тоннаға жетті.
«Компания COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қабылданған қауіпсіздік шараларына байланысты, нысандардағы жұмыс күшінің шектеулі санына қарамастан, Қашағанды игерудің 1-кезеңі шеңберінде тұрақты әрі сенімді мұнай өндіру барысын және жабдықтардың тұтастығын қамтамасыз етуде», делінген таратылған ақпаратта.
ATPress.kz
Фото Рахим Қойлыбаев
Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда