26 Қараша, 2020 228

COVID-19: Атырауда 14 адам инфекция жұқтырған

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 820 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды ATPress.kz


Атырау облысы бойынша 14 жаңа дерек тіркелген

Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (164), Солтүстік Қазақстан (114) және Павлодар (110) облыстарында. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 77 жаңа жағдайдан тіркелген. Одан кейінгі орында Ақмола (75) және Қостанай (63) облыстары. Батыс Қазақстан облысында – 37, Алматы облысында – 30, Қарағандыда – 19, Жамбылда – 14, Шымкент қаласында – 11. Ақтөбеде бұл көрсеткіш – 7 адам, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында 3 адамнан тіркелген.  Түркістанда – 2  адамнан COVID-19 анықталған.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 128 400 адам

Сондай-ақ, өткен тәулікте 474 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Атырау облысы бойынша 2 адам.

Жазылғандардың көбі Солтүстік Қазақстан (229) және Шығыс Қазақстан (98) облыстарында. Одан кейінгі орында Павлодар (73) және Қостанай (23) облыстары. Қарағанды облысында – 15, Ақмола облысында – 15, Алматыда – 9, Батыс Қазақстан облысы мен Түркістанда бұл көрсеткіш – 4 адамға жеткен. Ақтөбе облысында екі адамнан емделіп шыққан.

Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 114 821.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #COVID-19 #Атырау #пандемия