27 Қазан, 2020 188

Атырауда қызылшамен аурудың деңгейі төмендеп келеді

Бүгінде облыс бойынша қызылшамен ауырғандардың саны 102 болып тіркелді, былтыр бұл көрсеткіш 764 еді, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Айнагүл Сәрсенғалиеваның айтуынша, тұрғындар арасындағы қызылша ауруының алдын алу мақсатында 2019 жылы 9-10 айлық нәрсетелер және 20-29 жас аралығындағы ересектер арасында қосымша жаппай екпе жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында аурушылықтың деңгейі 7,4 есеге дейін азайған. Егер, өткен жылы қызылшамен 764 науқас ауырған болса, биыл 102  адам аталмыш індетке шалдыққан. Бұлардың ішінде 14 жасқа дейін 42 бала бар. Маманның айтуынша, екпе жұмыстарын жүргізу жұқпалы аурулармен күрес барысындағы ең тиімді әдіс.

- Вакциналар керек, өйткені, тазалық пен санитарлық талап деңгейінің жоғары болуына,  қауіпсіз сумен қамтамасыз етіліп, азық- түлік сапасының нормаға сай болуына қарамастан, індеттен аман қалу қауіпі әркез жоғары болып қала бермек. Әуе арқылы  және сілекей мен түкіріктер арқылы таралатын індетті тоқтату қиын. Егер екпе жұмыстары қолданылып, тұрғындар арасында ұжымдық иммундауды таратылмаса, вакциналар арқылы тоқтатылған індеттер кері қайталануы ықтимал. Мысалы, биылдың өзінде екпені қабылдамаған 9 адамның арасында көкжөтел ауруы адамда қайталануы тіркеліп отыр, - дейді А. Сәрсенғалиева.  


ATPress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда