27 Қазан, 2020 248

Атырау облысы аумағынан 184 шетел азаматы шығарылды

Полицияның хабарлауынша, өткен жылмен салыстырғанда Атырау облысына келген шетелдіктер саны 77% азайған, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысы полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1986 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылып (салынған айыппұл көлемі 5,1 млн теңге), 184 азамат елден шығарылған.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, заңбұзушылырадың көбі еңбек мигранттары. Алайда жауапқа тек шетелдіктер емес, жергілікті жұмыс беруші де тартылады екен. Сондай-ақ, жыл басынан бері шетелдіктерге жеке тұлғалардың қарамағында қызмет етуге рұқсат беретін патенттерді рәсімдеуге 50 мыңға жуық өтініш қабылданып, оның 20 мыңнан астамы мақұлданған.

Одан бөлек, облыс көлемінде шетелдіктерге қатысты 49 қылмыс жасалса, шетелдіктер 43 заңбұзушылық жасаған. Олардың көбі Өзбекстан республикасынан келгендер.

Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, шетелдіктердің Атырау облысына келуі өткен жылмен салыстырғанда 77% азайған.


ATPress.kz

Фото Рахим Қойлыбаевтікі


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда