27 Қазан, 2020 180

ПТР-тест тапсырмаған адамдар ұша алмайды

Қазақстандықтарға ПТР-тестсіз ұшуға тыйым салынады, деп хабаралйды ATPress.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды халықаралық бағыттағы ұшаққа отырғызуға тыйым салуды тапсырды.

Сонымен қатар, рентген аппараттарын, жылжымалы медициналық кешендерді жеткізуді жеделдету тапсырылды.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда