27 Қазан, 2020 409

Таубаев облыс әкімінің атына арыз жазды (толықтырылды)

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев қызметінен босату туралы арыз жазды, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің атына  қызметінен босату туралы арыз жазды.

Бұл ақпаратты Н.Таубаевтың адвокаты Игорь Вранчев таратты. Атырау облысы әкімдігі де бұл мәліметті ресми растап отыр.

- Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің атына арыз 22 қазан күні келді. Облыс әкімі 22 қазаннан бері Нұр-Cұлтан қаласында жұмыс сапарымен болып, Атырауға бүгін келді. Бұрынғы бірінші орынбасарының арызына сәйкес шешімді бүгін қабылдамақ, - деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

ATPress.kz тілшілері білгендей, әкімдікте облыс активі өткізіліп, Нұрлан Таубаевтың берген арызы қанағаттандырылды. Ол атқарған лауазымынан босатылды. 


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда