27 Қазан, 2020 286

COVID-19: Атырауда 5 адам инфекция жұқтырған

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 142 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның бес дерегі Атырау облысында анықталып отыр, деп хабарлайды ATPress.kz

Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (30) және Павлодар (14) облыстарында, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан (20) және Алматы (10) қалаларында тіркелген. Ақмола облысында – 12, Солтүстік Қазақстан облысында – 11, Қарағандыда – 10 адам COVID-19 дертіне шалдыққан. Одан кейінгі орында Батыс Қазақстан облысы (9), Қостанай (7) және Алматы (5) облыстары. Жамбыл мен Маңғыстауда үш науқастан, Ақтөбеде екі, Шымкент қаласында бір науқас тіркелген.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 110 684 адам

Сондай-ақ, өткен тәулікте 91 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның көбі Солтүстік Қазақстан облысы (19) мен Қарағандыда (17). Нұр-Сұлтанда 13 адам індеттен айыққан. Әрі қарай бұл көрсеткіш бойынша, Павлодар (12), Ақмола (11), Алматы қаласы (7), Маңғыстау (6), Ақтөбе (3) және Қостанай облысы (1). Атырау облысы бойынша ауруынан айыққан 2 адам тіркелген.

Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 105 766


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #COVID-19 #карантин #Қазақстан