26 Қазан, 2020 330

Индерде су болмайды

Индербор кентінде уақытша су болмайды, деп хабарлайды ATPress.kz

Аудан орталығын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Индер Су» ШЖҚ КМК хабарлауынша, 2020 жылдың  27 қазан күні сағат 20:00-22:00-ге дейін ауыз су беру қызметі уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ, 27 қазан күнгі сағат 22:00-ден бастап 28 қазан күнгі сағат 10:00-ге дейін ауыз су желісі жоғарғы концентратты хлор мөлшерімен жуылып, шайылады екен.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда