26 Қазан, 2020 182

Атырауда көлік жүргізушісін қамауға алды

Сонымен қатар, сот оны көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырды, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысы полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінің хабарлауынша, шамамен таңғы сағат 8-де Тайманов көшесі мен Бейбарыс даңғылы қиылысында «Ваз-21102» автокөлігі, бағдаршамға тоқтап тұрған «Kia Riо» көлігіне соғысқан. Көлік оқиғасы «Ваз» автокөлігі жүргізушісінің ара-қашықтықты сақтамағанынан орын алған.

Сонымен қатар, наркологиялық диспансерде жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша «Ваз-21102» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі мас күйде көлік басқарғаны анықталды. Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608 бабының 3 тармағынасәйкес әкімшілік хаттама толтырған.

- Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімі бойынша жүргізуші көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды,– деп хабарлады полиция баспасөз қызметінен.

 

ATPress.kz

Фото ПД баспасөз қызметінен


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда