26 Қазан, 2020 166

Атырауға шетелдерден 456 адам келген

Атырау облысы COVID-19-ға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 20-25 қазан аралығында шетелден Стамбул-Атырау, Ташкент-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 4 әуе рейісі ұшып келді.

«Халықаралық әуе рейспен барлығы 456 адам келді. 37 жолаушының COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылды», деп хабарлады департаменттен.

Алайда, барлық жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды. Бірақ, зерттеу нәтижелері теріс болып, ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілген.


ATPress.kz

Фото редакция архивінен


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда