26 Қазан, 2020 447

Атыраулықтар скандинавиялық ауа райын сезінуі мүмкін

«Қазгидромет» РМК мәліметінше Қазақстанның тоғыз облысында дауылдық ескерту жасады, деп хабарлайды AТРress.kz

«Апта басында Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райына финляндиялық циклон әсерін етіп, кей жерлерде жауын-шашын мөлшері артады. Жекелеген аймақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтілуде. Еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады. Тек аптаның ортасына қарай республиканың өзге аймақтарында батыс антициклоны ықпалынан күн жылынады деп күтілуде. Батыста үш күн бойы жауын-шашын болмайды», делінген «Қазгидромет» сайтында.

27 қазан күні  ауа райы Жамбыл облысында да күрт нашарлайды. Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлері табиғи апаттар орын алуы ықтимал аумақта қалып отыр.

Синоптиктердің болжамы бойынша ауа райының нашарлау ықтималдығы солтүстік аймақтарда басым.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #ауа райы #Қазақстан