24 Қазан, 2020 272

Атырау тергеу изоляторында тексеру жүргізілді

Атыраудағы УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде 200-ге жуық күдікті және 11 шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азамат отыр, деп хабарлайды ATpress.kz

Қоғамдық бақылау комиссиясының және Ұлттық алдын-алу тетігінің өкілдері Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне (ҚАЖД)қарасты тергеу изоляторында болып, күдіктілерді ұстау жағдайымен танысты. Алдымен Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері мекеменің медициналық бөлмесін қарап, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екендігінін көрді.

- Екінші толқынға байланысты Атырау облысындағы барлық бас бостандығынан айыру мекемелері қажетті дәрі-дәрмек қорымен толықтай қамтамасыз етілген. Қажет болған жағдайдақордықосымша дәрілермен толықтыру мүмкіндігі бар, – деді Департамент бастығы Манарбек Габдуллин.




Мекемеде заңсыздықтың алдын-алу бағытында күдіктілер мен сотталған азаматтардың бөлмелері мен мекеме аумағы толықтай бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. 

Жазда басталған ғимарат ішіндегі бөлмелерді жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. Күдіктілермен және сотталғандармен тікелей жұмыс жасайтын барлық қызметкерлер бейнежетонмен қамтамасыз етілген. Олардың іс-әрекеті 24 сағат бойына бейнежетон арқылы жазылып отырады.




Сонымен қатар мекеме аумағында жазасын өтеуші азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайтын арнайы терминалдар орнатылған.

- Мекеме іші өзгеріп жатқандығы көңіл қуантады. Тергеу изоляторының аты қорқынышты болғанымен, жағдайын жақсы деп бағалаймыз. Қолға алынып жатырған шаралар көңіл қуантады. Алайда қосымша қаржы бөлініп, мекеме ғимаратына да жөндеу жұмыстарын жүргізу керек, – деп атап өтті Қоғамдық бақылау комиссиясынің төрағасы Асылтек Испусинов.


ATPress.kz

Фото Атырау облысы ҚАЖД баспасөз қызметініен


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #ҚАЖД #Атырау #тексеріс