22 Қазан, 2020 1459

Шектеу шаралары кезінде 300-ден астам тұлғаға айыппұл салынды

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес COVID-19 пандемиясына байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін шектеу шаралары ұзартылды.




Бұған қарамастан, кейбір тұлғалармен қабылданған шектеу шаралары сақталмауда.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес коронавирус инфекциясының таралған кезінен бастап қала аумағында 5 307 адам науқастанып, өкінішке орай соның ішінде 99-ы бұл індеттен қайтыс болған.

Шектеу шаралары кезеңінде 324 тұлға айыппұл жазасына тартылды. Тек, өткен аптаның ішінде түрлі іс-шараларды өткізумен байланысты - 32 құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мейрамханалардағы мерейлік, салтанатты шаралар - 8, түңгі мезгілде кафе-бар қызметі - 13, Бас санитариялық дәрігерімен тыйым салынған объектілер (кинозал, компьютер клубтары) - 3  және т.б. 

Қала прокуратурасы коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында барлық азаматтарды шектеу шараларын сақтауға шақырады, сондай-ақ шектеулерді бұзған жағдайда қызметін тоқтатуға дейін әкімшілік жауаптылық көзделгендігін ескертеді.

Шектеу шараларының бұзылуына куәгер болсаңыз мобильдік топтың +7-708-101-20-63 («What’s app» мессенджері арқылыда хабарлауға болады) немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарлау сұралады. 
 
Атырау қаласының прокуратурасы

AtyrauPress


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда