21 Қазан, 2020 251

Атырау 6500 тонна балық өңдеп, 5900 тонна экспорттаған

Атырау облысында биыл өндірістік балық аулау көлемі 757 тоннаға артқан, деп хабарлайды ATPress.kz

Өткен жылдың салыстырмалы мерзімінде 6 555 тонна балық ауланған, ал биыл бұл көрсеткіш 7 312 тоннаға жетіп отыр. Ауланған балықтың 6 500 тоннасы өңделіп, 5 900 тоннасы экспортталған.




Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасы басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, бекіре тұқымдас балық қорын сақтау және көбейту мақсатында 329 дана бекіре балығы ауланыпты.




- «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауыты мен «Атырау бекіре» балық өсіру зауыты 7,5 миллионнан астам бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсімге жіберді. Сонымен қатар, облыс көлемінде тоғанды балық өсіру мәселесіне көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта тауарлы бекіре және тұқы тұқымдас балық түрлерін өсіру жұмыстары басталмақ, – деді басқарма басшысы.




Айта кетейік, бүгінде өңірде балық аулаумен 18 балықшаруашылығы кәсіпорыны айналысады. Ол жерде 4 121 адам еңбекпен қамтылып отыр.


ATPress.kz

Фото Рахим Қойлыбаевтікі



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Балық #Атырау #бекіре